Коронавирусқа шалдығып, үйінде емделгендерге дәрі тегін беріледі
Коронавирусқа шалдығып, үйінде емделгендерге дәрі тегін беріледі
Фото: Интернеттен алынды
208
оқылды
Ол Facebook парақшасында: «COVID-19 – жаңа коронавирус инфекциясы бірнеше айдың ішінде біздің өмірімізді түбірімен өзгертіп жіберді. Өз-өзімізді оқшаулауға, тазалық ережелерін қатаң сақтауға үйрендік. Өзіміздің бойымыздағы ауру белгілеріне жіті мән беріп, қашықтықты сақтап, ауру белгісі жоқ болған жағдайда да өзге біреуді жұқтырып алуымыз мүмкін екенін сезініп, басқа адамдар алдындағы жауапкершілікке түйсіне бастадық», – деп жазды вице-министр. Вице-министр әр азамат өз денсаулығын күтуі керегін айтты.
«Ауру көбінесе жеңіл және орташа жағдайда өткенімен аурудың жеңіл өтіп, күрделі жағдай болып кетпеуі үшін ағзаны медикаментозбен қолдап отыру керек. Денсаулық сақтау министрлігінің сапа мен медициналық қызмет бойынша біріккен комиссиясы КВИ-ды диагностикалау мен емдеу хаттамасына ауруды амбулаториялық деңгейде өткеретін пациенттер үшін 5 препарат енгізді. Бұл қабынуға қарсы препараттар – парацетамол мен ибупрофен, ривароксабан, апиксабан мен дабигатран секілді антикоагулянттар», – деп жазды ол.
Азаматтар амбулаториялық деңгейде бұл препаратты тегін алуы үшін бірқатар нормативті құжатқа өзгерістер енгізілген. Аталмыш препараттар амбулаториялық деңгейде тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізіміне, (ҚР ДСМ №666 бұйрығы), Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік препараттардың тізіміне кірген. Людмила Бюрабекованың айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан емдеу үшін түпнұсқадағы Байер (Ривароксабан) компаниясының Ксарелто, Пфайзер (Апиксабан) компаниясының Эликвис, Берингер Ингельхайм (Дабигатран) компаниясының Прадакс антикоагулянтын сатып алу бойынша өндірушімен келісссөздер жүргізілуде. Аймақтар осы препаратты алу үшін өтінім беріп қойған. Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютор сатып алу процедурасын жүргізуде. 10 күннен кейін препараттар амбулаториялық деңгейде КВИ-дан емделіп жатқан пациенттер үшін қолжетімді болады. Людмила Бюрабекованың айтуынша, науқастар бұл препараттарды тұрғылықты жерде тіркелген емханасынан коронавирус расталған жағдайда тек дәрігердің тағайындауымен алады. «Егер пациентке аталған препараттардың берілмейтіні хабарланса, олар Бірыңғай дистрибьютордың 1439 байланыс орталығына хабарласады. Операторлар мәселені анықтап, дәрі-дәрмекпен қамту шаруасын шешіп береді», – деді Бюрабекова.