Қабылданған карантин шаралары мен емханаларда амбулаториялық емдеуді күшейту медицина мекемелері мен қызметкерлеріне жүктемені айтарлықтай азайтты. Осылайша, жоспарлы емдеу №1 және №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасында, №2 қалалық көпсалалы ауруханада қайта жанданды. 3 тамыздан бастап қаладағы емханалар да жоспарлы емдеуді жалғастырады.
Сонымен қатар бір күн бұрын қалалық психикалық денсаулық орталығындағы жұқпалы аурулар стационарынан КВИ-мен ауыратын соңғы науқас емделіп шықты. Мұқият дезинфекциядан кейін ПДО бұрынғы профиліне сәйкес жұмысын қайта бастайды.
Осылайша, 5 шілдеден бастап жүргізілген карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде пневмониямен ауруханаларға түскен науқастар саны екі есе – 1 348-ден 633-ке азайды. Жедел жәрдем станcасына қоңыраулар саны 3 есе азайды – 3 мыңнан күніне 1 100-ге дейін. Оның ішінде КВИ бойынша күніне 500-ден 89-ға дейін.
КВИ-ден емделіп шыққан науқастар саны 70% – 10 320 науқастың 7 260-і емделіп шықты. Төсек-орын қорына жүктеме деңгейі 99%-дан 38%-ға дейін төмендеді.
COVID-19-дың төмендеу динамикасын сақтау үшін барлық азамат қатаң санитария нормаларын, маска тағып, арақашықтық сақтауы қажет.
Серік ӘЛІМЖАНОВ,
Нұр-Сұлтан