Оның ішінде төлем 2 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 981 мың қазақстандыққа аударылды.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады.
2 млн 283 мың өтінімнің ішінде:
– 831,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 567,6 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 301,2 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 583,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 831,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 179 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
– 1 млн 273,3 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 2 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 981 мың қазақстандыққа аударылды.
42 500 теңгеге өтініш беру egov.kz және 42500.enbek.kz порталы; telegram-bot-тар; Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы жүзеге асады.
Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.