Путин мен Макрон келісімге келе ме?
Путин мен Макрон келісімге келе ме?
104
оқылды

Франция президенті Эммануель Макрон Брегансон айлағындағы жазғы резиденциясында Ресей басшысы Владимир Путинді қабылдады.

Келіссөздерде қаузалған басты тақырыптар – екі­жақ­ты қарым-қатынастың дамуы, Сириядағы жағ­дайдың тұрақталуы, Иранның ядролық бағдар­ла­масы. РИА Новости ақпарына сәйкес, келіссөздер 3,5 сағатқа созылған.

Өз сөзінде Макрон Путинмен Сібірдегі өрт пен мұздықтардың еруін талқылап, климаттың өз­ге­руі­не қарсы ортақ күреске бейілдік танытқанын атап өтті.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Украина жайын сөз етті. Путин Макронға Украинаның жаңа сайланған президентімен өзара диалогы барын айтқан.

Француз басшысы Мәскеу қалалық думасындағы сайлауда тәуелсіз кандидаттарды қолдау мақсатында жүздеген манифестант тұтқындалған өткен шерулерді де назардан тыс қалдырмады.

«Ресей – Еуропаның мемлекеті. Сол себепті, еу­ро­па­­лық құндылықтарда лайықты орны бар. Жазда біз Ре­­сейді жиналыс және сөз еркіндігін құрметтеуге ша­қыр­­дық. Осы тұрғыда Ресей делегациясы Еуропа Кеңесі бас хатшыларының сайлауына қатыса алды. Мен еуро­па­лық Ресейге сенім артамын», – деді Эммануель Мак­рон.

Келіссөздер Францияның Биарицца қаласында өтетін «Алпауыт жетіліктің» саммитінен бірнеше күн бұрын өтуде. Украинадағы кикілжің салдарынан саммитке Владимир Путин шақырылмаған болатын.

 

Сафина АҚТАЙ