Шымкентте қаражат үнемделді
Шымкентте қаражат үнемделді
253
оқылды
Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауру­ханаларды дәрілік заттар мен ме­дициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, 1 647,5 млн теңге дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, медицина қызметкерлерін уақытша бас­панамен қамтамасыз етуге және оларды көлікпен тасымалдауға, оттегі стансасын орнатуға жұм­салса, 236,3 млн теңге қаланы дез­инфекциялау жұмыстарына, ал 2 050,0 млн теңге қаладағы жұқ­палы аурулар госпиталының құ­рылысына бағытталған. Сонымен бірге үнемделген қаржының 219,1 млн теңгесі аза­маттарға әлеуметтік көмек көр­сетуге бағытталмақ. Сондай-ақ 989,8 млн теңге білім саласындағы мектептер мен мектеп-интернат­тарды материалдық-техникалық жаңғыртуға, 111,7 млн теңге алты көпқабатты тұрғын үйдің 12 лифт қондырғысын ауыстыруға және қалған қаржы шағынаудандағы инфрақұрылым мәселесі мен абаттандыруға жұмсалады деп жоспарлануда. «Қысқартылған қаржылар негізінен мәдени іс-шараларды өткізуден, қызметтік іссапар шы­ғыстарынан, мекемелердің мате­риалдық-техникалық базасын нығайтудан оңтайландырылды. Атап айту керек, карантин шек­теу­лерге қарамастан қалалық бюд­жеттің кірісі төмендеген жоқ. Мәселен, қалалық бюджеттің өзін­дік кірісі 21,8 млн теңгеге ұл­ғайып, 133 млрд теңгеге жетті. Ал қаладағы экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру бойынша кешенді жоспары жүзеге асыры­луда» деп атап өтті қала басшысы. Бұдан бөлек, Шымкентте бюд­жет қаржысына қол салмай, кәсіпкерлерді тарта отырып, қаланы көркейту шаралары да жүзеге асып отыр. Дәл бүгінгі таңда қалада қызу құрылыс жүріп жатыр. Қала көшелеріне жаппай жөндеу жұмыстары жүрсе, көпқа­батты үйлердің қасбеті ретке келтірілуде. Соның бірі – Қаратау ауда­нында биыл 39 көпқабатты үйдің қасбеті қалпына келуде. Бұл жұ­мыстарға сол үйлердің тұрғын­дарынан қаржы жұмсалмайды, бюджеттен де қаражат қаралмаған. Үйлердің қасбетін әрлеу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясын­да жүзеге асырылып отыр. Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұловтың айтуынша, «Асар» шағынауданда 2017 жылы пайда­лануға берілген 30 көпқабатты үй­де сыртқы әрлеу жұмыстары жүр­гізілуде. Нысанда 12 бригада жұ­мыс істесе, оның әрқайсысында 8 құрылысшыдан бар. Үйлерді қап­тауға өте сапалы «сайдинг» ма­те­риалы қолданылып жатыр. «Асар аумағы бойынша жалпы саны 30 көпқабатты үйде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 18 үйдің құрылысы толық бітіп, 12 үйдің құрылысы 1 ай ішінде аяқталады. Көпқабатты үйлердің құрылысына 500 млн теңгеден астам қаражат жұмсалуда. Құрылысқа кеткен шығынның барлығын «Ақ Орда» Корпора­ция­сы» ЖШС көтеріп жатыр», – дейді аудан әкімі. Сонымен қатар ол «Нұрсәт» шағынауданындағы №18, 19, 20 көпқабатты тұрғын үйлердің сырт­қы қасбетін ретке келтіру жұмыстары «Бесқұдық Тас» ЖШС және «Арт Құрылыс» ЖШС тара­пынан жүргізілсе, «Ақжайық» ша­ғынауданы «Тұлпар» тұрғын үй кешенінде орналасқан 6 тұрғын үйдің қасбетін «Эристайл-Қазақ­стан» ЖШС жүргізіп келеді.  

Назгүл НАЗАРБЕК,  Шымкент қаласы