Жарқын бейнесі жадымызда қалды
Жарқын бейнесі жадымызда қалды
369
оқылды
Ака­демик К.Ә.Сағадиев бар өмірін өзі таңдаған сала бойынша елі­не қызмет етуге арнады. Ол үлкен реформатор және талант­ты ұйымдастырушы болды, өмір жолы қайда әкелсе де, еңбек еткен жерде жаңа идеялар енгізіп, стереотиптерді жеңе білді. Ол 1982 жылы Целиноград қаласындағы ауыл шаруашылығы ЖОО-ын басқару сеніп тапсырылған КСРО-дағы ең табысты жас ректорлардың бірі болды. Оның күш-жігері мен табандылығының арқасында КСРО Ғылым академиясы мен Ленин атындағы Бү­кіл­одақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары акаде­миясы, Целиноград қаласының ауылшаруашылық институты базасында Биотехнологиялық орталық құру туралы шешім қабылдады және бұл шын мәнінде Қазақстандағы академиялық ғылымның әлеуетін мойындау болды. Ол әріптестері мен пікірлестерін өзіне баурап ала алатын, шабыттандыра білетін, ортақ міндеттермен бір­ге жұмыс істеген көшбасшы болды. Академик К.Ә.Са­ғадиев еңбек еткен ұжымдар әрдайым дамудың флагманы болды. Бұл – Қазақ экономикалық универ­ситеті (Нархоз), Ұлттық аграрлық университет. Кенже­ға­ли Әбенұлы басшылық еткен екі жоғары оқу орны­­ның – Халықаралық бизнес университеті және Халық­ара­лық ақпараттық технологиялар универси­тетінің ор­ны бөлек. Бұл университеттер академик К.Ә.Са­ға­­диев­­тің басшылығымен таза беттен бастап құрасты­рылып, же­тіл­дірген және сол кезде жиналған талантты адамдар қа­зіргі таңда да осы жоғары оқу орындарында еңбек етіп жүр. Академик К.Ә.Сағадиевтің өмірінде ғылым ерек­ше орын алады. Табиғатынан реформатор ол барлық жаңалықты қабылдағыш болды, әрқашан Қазақстан экономикасы үшін сындарлы даму жолдарын табуға ұмтылды. Ол 1994 жылы Президент болып сайланған Ғылым академиясындағы жұмысына шексіз беріліп, Қазақстанның академиялық ғылымы­ның күші мен әлеуетіне терең сенімді болды. Парламент Мәжілісі қабырғасында жұмыс істей жүріп, академик К.Ә.Сағадиев тәуелсіз Қазақстанның заңнамалық жүйесін жетілдіруге өз үлесін қосты, Білім және денсаулық сақтау саласының мүдделерін қорғай отырып, адами капиталды дамыту мақсат­тарына адал болып қалды. Академик К.Ә.Сағадиев әртүрлі лауазымдарда еңбек ете отырып, өмірлік ұстанымдарына, алға қой­ған мақсатқа деген талпынушылығына, жоғары кә­сіби және адами деңгейіне риза болатын саңлақ оқу­шыларды тәрбиелеп шығарды. Өз елінің лайықты азаматы болған Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің жарқын бейнесі адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады.  

Халықаралық бизнес университеті ұжымы және оқушылары