Қарағанды облысында бұлттар бұратылды
Қарағанды облысында бұлттар бұратылды
Фото: Интернеттен алынды
469
оқылды
Бүгін Қарағанды облысы Жәйрем кентінің аспанында бұратылған бұлттар жайлап алды. Бұл төтенше жағдай емес, аталған құбылыс жөнінде Қазгидромет мамандары түсініктеме берді. – Таңғы глория – бұл сирек кездесетін метеорологиялық құбылыс, ол көлденең бұралған бұлттар түрінде көрінеді. Бұлттар биіктігі 1-ден 2 км-ге дейінгі найзағайлы жиекті құрап, көбінесе жерден 100-200 метр биіктікте (бірақ әдетте жоғары) орналасады. Оның ұзындығы 1000 км-ге дейін жетіп, сағатына 60 км жылдамдықпен қозғалады, – деп түсініктеме берді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.   https://www.facebook.com/100002030618468/videos/3202093329868323/ "Таңғы глория" көбіне қатты желмен және жер бетіндегі қысымның өзгеруімен сипатталады. Бұлттың алдында ауаны жоғары жылжытатын және бұлтқа белгілі бір пішінді беретін жылдам вертикальді қозғалыс пайда болады. Көбіне бұл құбылыс найзағай басталғанға дейін пайда болады.

Ләззат Қожахметова Қарағанды облысы