Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
© сурет интернеттен алынды
269
оқылды
Қазақстанның бірнеше аймағында 30 шілде-1 тамыз аралығында құбылмалы ауа райы болады , - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.  Бұл күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республика бойынша кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, 30 шілдеде шығыс аймақта қатты жаңбыр жауады.
Тек солтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, қатты жел, бұршақ жаууы мүмкін.