«Барселона» Неймардың презентациясына дайындалып жатыр
«Барселона» Неймардың презентациясына дайындалып жатыр
226
оқылды

Футболшы 2017 жылы «Барселонадан» ПСЖ-ға 222 миллион еуроға ауысқан

«Барселона» футбол клубы Неймар трансфері бойынша ПСЖ-мен ортақ мәмілеге келген сияқты. Бұл туралы әйгілі каталониялық RAC1 радиосы ақпарат таратқан.

Дерек көзінің мәліметінше, тараптар өзара келісім жасасқан. Бірақ әлі де болса толыққанды сатып алу жобасы жүзеге аспаған. Дегенмен каталониялық клуб ойыншының есімі жазылған жейделерді сатылымға шығару туралы шешім шығарған. 

Осы арқылы пайда таппақ ниетте. Сонымен қатар трансфер туралы ресми хабарланғаннан кейін жариялау үшін Неймар фанаттарға арнап бейне үндеу де түсіріп қойған.

«Барселона» кейін міндетті сатып алу құқығымен футболшыны бір маусымға жалға алуы мүмкін. Еске салсақ, футболшы 2017 жылы «Барселонадан» ПСЖ-ға 222 миллион еуроға ауысып келген еді. Париждік клуб сапында биылғы маусымда 28 матчқа қатысып 23 гол соқты.