Халық санағы келесі жылы өткізілуі мүмкін - Дәленов
Халық санағы келесі жылы өткізілуі мүмкін - Дәленов
Large crowd of people watching concert or sport event
5,230
оқылды
Ел ішінде коронавирустың тыйылмауына байланысты халық санағы келесі жылы өткізілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
«Елімізде халық санағын биыл 1 қазаннан бастап жүргізу жоспарланған болатын. Алайда халық санағын жүргізетін қызметкерлер халықпен жақын қарым-қатынаста еңбек ететіндіктен, коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке санақты келесі жылға шегеруді ұсынды. Халық пен халық санағын жүргізетін персоналдың амандығы біз үшін басты шарт.Тиісті шешімді күтіп отырмыз», - деді ол  ОКҚ-да өткен брифингте.
Еске сала кетсек, бұған дейін Руслан Дәленов карантинннің екі аптаға ұзартылуына байланысты тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңге беріле ме деген сұраққа жауап берген болатын.