«Nur Otan партиясы Жылыой аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жас ана карантин жағдайында жұмысқа шығуға мүмкіндігі жоқ екенін, науқас баласын кезекті емін алуға, дәрілер алуға, тіпті тамаққа қаржысы қалмағанын айтып, көмек сұрап, өтініш білдірген болатын.
Аудандық мәслихат депутаты С.Мәмбетованың демеушілігімен мүгедектер қоғамдық бірлестігі төтенше жағдай кезеңінде тұрмыстық қиын жағдайда қалған аз қамтылған отбасыға қаржылай көмек көрсетті.
Мүгедек бала бағып отырған жалғызбасты жас ана өзін қиындықпен бетпе-бет жалғыз қалдырмай, өтінішіне құлас асып, қол ұшын созған партия филиалына, маслихат депутаты мен мүгедектер қоғамына ризашылығын жеткізді.