Нұротандықтар ауыл ауруханасына жасанды тыныс алу аппаратын алуға көмектесті
Нұротандықтар ауыл ауруханасына жасанды тыныс алу аппаратын алуға көмектесті
© сурет интернеттен алынды
314
оқылды
«Халыққа көмек»  жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалына Шелек ауылдық ауруханасынан жасанды тыныс алу аппаратын алып беру туралы өтініш түсті. Тиісті шаралар қабылданып, «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев аталған мәселені шешуі бойынша Шелек ауылының тұрғыны Сұлтанғазиев Елеусізге хабарласты. Сұлтанғазиевтер әулеті  Шелек ауылында орналасқан ауруханаға 1,1 млн теңгеге 2 дана оттегі концентраторын сатып алып берді. Аурухана ұжымы «Nur Otan» партиясына және Сұлтанғазиевтер әулетіне алғыстарын білдірді.