Бақылау бекеттерінде такси жүргізушілерінің бәрін тексеру басталады
Бақылау бекеттерінде такси жүргізушілерінің бәрін тексеру басталады
© сурет интернеттен алынды
192
оқылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан аумағында Көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру ережелеріне түзетулер енгізу жобасын әзірледі. Құжатқа сай, стационарлық және жылжымалы Көліктік бақылау бекеттері қазіргідей тек "жүк құраушы аумақтар, автомагистраль қиылыстары мен негізгі халықаралық көлік дәліздерінде" ғана емес, енді "автомобиль жолдарының барлық түрлері мен елдімекендердің көшелерінде" де орнатылатын болады, деп жазады kolesa.kz.
Көліктік бақылау бекеттерінде жүк көліктері, арнайы автокөліктер, автобустар, микроавтобустар мен такси режимінде жұмыс істейтін жеңіл автокөліктер тоқтатылып, тексерілетін болады.
Жеңіл көлік жүргізушілерінің такси тасымалдаушысы ретіндегі қызмет туралы ескертудің қабылданғаны туралы талоны тексеріледі, сондай-ақ, такси ретінде пайдаланылатын автокөліктің заң талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Жоба авторлары осындай түзетулер арқылы елдегі жолаушылар тасымалын тәртіпке келтіру қажет деп санайды.