Е.Айтаханов: Оқушылардың формасын бірыңғай жүйеге көшіру керек
Е.Айтаханов: Оқушылардың формасын бірыңғай жүйеге көшіру керек
142
оқылды

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов BILIM jane GYLYM тақырыбында өткен тамыз конференциясына қатысып, оқу маусымы басталғанда үлкен шудың басы – мектеп формасынан басталатынын сөз етті.


  – Жасыратыны жоқ, мектеп формасы жылда жаңа оқу маусымы басталғанда, үлкен шудың басы болады. Себебі, біздің тұрмыста әлеуметтік шиеленістер, жағдайы төмен отбасылар бар екені белгілі. Сондықтан да мектеп оқушыларының формасы әр мектепте әр бөлек, – дейді қала әкімі Ерлан Айтаханов.

 Айтуынша, мектептердің әрқайсысы өз формасын бекітіп алған. 

«Мәселен, ата-ана үйінің жанындағы лицейге баласын оқытқысы келсе, ол лицейдің оқушы формасы тым қымбат тұрады. Әлеуметтік наразылық осындайдан туындайды. Бұл жерде мектеп оқушыларының да формасын бірыңғай жүйеге көшіру керек. Мектеп формасын бизнеске айналдырып, ақша табудың көзі қылуды доғару керек», – деді ол.