Алматыда 3 күн қоғамдық көлік жүрмейді
Алматыда 3 күн қоғамдық көлік жүрмейді
© сурет интернеттен алынды
241
оқылды
Алматыда 31 шілдеден 2 тамызға дейін қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы Алматының Көлік холдингінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарланған.
"Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес мереке және демалыс күндері (31 шілде, 1-2 тамыз) Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің, сондай-ақ метрополитеннің жұмысы тоқтатылатындығын естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада.
Қоғамдық көліктер дүйсенбі, 3 тамыз таңғы сағат 06:00-ден бастап жұмыс істейді. Еске салайық, Алматыда 30 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 11 652 адам анықталған. Оның ішінде аурудан айыққандар - 7001 адам, қайтыс болғандардар саны  - 111.