Түркияда із-түссіз кеткен 21 жастағы қазақстандық бойжеткен іздестіріліп жатыр.
«Бізде бойжеткеннің жоғалып кеткені туралы ақпарат бар. Бізге белгілі болып отырғаны, ол үйінен екі жарым ай бұрын құжатсыз кетіп қалған. Тек Түркияда тұру туралы құжаты бар. Біздің Анталиядағы консулдығымыз бойжеткенді іздеп жатқан жергілікті полициямен байланыс ұстап отыр. Оқиға бақылауда», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.