Аmal қайырымдылық онлайн-платформасының артықшылығы туралы «Арнау дамыту орталығы» қоғамдық ұйымының басшысы Ұлан Әбішев онлайн конференцияда айтты.
«Біз жоба атауын Amal деп атадық. Қайырымдылық жасауды дәріптеп, аға буынның жастармен тәжірибе бөліскенін қалаймыз. Пандемия кезінде бұл өте өзекті мәселеге айналды», – дейді Ұлан Әбішев.
Оның айтуынша, жаңа жоба қайырымдылық жасауды бір жүйеге келтіреді.
«Қазіргі уақытта көмек көрсететін қор, ұйым көп, бірақ ол туралы ақпараттар жүйеленіп тұратын алаң жоқ. Біз арнайы сайт ашып, қайырымдылық шаралары туралы ақпараттарды жинап, әр санат бойынша жүйелеп орналастырамыз. Бұл қайырымдылық жасайтындар мен көмекке мұқтаж адамдар үшін өте ыңғайлы болады. Ол жерде көмек көрсетілген адамдардың және көмекке мұқтаж адамдардың байланыс нөмірі бар», – деді Әбішев.