Жертөлесі кәріз суына толып, тұрғындар сасық иіске тұншыққан.
Қошқарбаев көшесі 80/1 мекенжайынының тұрғындары аталған проблеманы айтып, Нұр-Сұлтан қалалық Nur Otan партиясының филиалына шағымданды.
Қалалық партиялық бақылау комиссиясы, құрылыс басқармасы және Алматы ауданы әкімдігінің өкілдері тексеріс жүргізді.
Нәтижесінде, тұрғындарымен кездесуден кейін партиялық бақылау комиссиясы биыл 1 қыркүйекке дейін жертөлелерді ретке келтіруді, шатырды, кіреберістерді жөндеуді, міндетті түрде пандустар орнатуды тапсырды.
Бұл проблеманы Nur Otan партиясының қалалық филиалы бақылауға алды.