21 250 теңге автоматты түрде аударылады
21 250 теңге автоматты түрде аударылады
фото: gov.kz
355
оқылды
Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылады. Осыған байлансты  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы төлем алушыларға төленетін 42500 теңгеге қосымша 0,5 ең төменгі жалақы автоматты түрде аударылады. Еңбек министрлігінің ақпаратынша, карантин ұзартылғаннан кейін МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады. Жоғарыда көрсетілген төлемге азаматтардың келесі санаттары үміткер бола алады: 1) мемлекеттік заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінен басқа), сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің 100% - ы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың қызметкерлерін қоспағанда, жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлер; 2) жеке кәсіпкерлер; 3) жеке практикамен айналысатын адамдар; 4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар; 5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар. Естеріңізге сала кетейік, 30 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша азаматтардан МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданған. Төлем 2 млн 80 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 58 мың қазақстандыққа аударылды.