Дәріханадағы кезек қадағаланды
Дәріханадағы кезек қадағаланды
244
оқылды
Жұмыс тобы облыс орталығындағы 20-ға жуық дәріхананың алдында әлеу­мет­тік қашықтық пен маска тағу ережесінің қа­таң сақталуын бақылады. Тексеріс кезінде дәріханаларда әлеу­меттік қашықтық сақталатынын, арнайы бел­гілер бар екенін, фармацевттер кезекті рет­тейтінін, сондай-ақ келушілерден маска тағуды талап ететіні анықталды. Одан бөлек, дәріхана иелері мен мамандар қажетті дәрі-дәрмек түрлерінің уақытылы жеткізіліп отырғанын атап өтті. – Барлық жерде қажетті препараттар бар. Бірақ бірнеше дәріханада бір рет­тік маскалар болмады. Қалған дәріха­на­лар­да қажетті құралдар мен дәрі-дәрмекке бай­ланысты проблемалар болған жоқ. Ба­ғалар қазір барлық жерде бірдей, толық реттелген, – деді «Nur Otan» партиясының Пет­ропавл қалалық филиалы төрағасы-ның бірін­ші орынбасары Кеңес Мұқышев. Сонымен бірге дәріханаларда пара­це­тамол, ингавирин және басқа да қызу түсіретін препараттар жеткілікті көлемде бар. Алайда антибиотиктерді сату кезінде проблемалар туындаған. Партия мүше­лерінің пікірінше, бұл мәселеде фарма­цевт­тер, терапевтер мен тұрғындар ара­сын­да қалыптасқан байланыс маңызды бо­лып тұр. – Емханалар жабық болғандықтан, бар­лық азаматтардың белгілі бір дәрі-дәр­мектерге арналған рецептері жоқ. Сондық­тан фармацевттер учаскелік дәрігерлермен тікелей байланысады. Қажет болса, нау­қас­ты растап, антибиотиктерді сатуға рұқ­сат алады. Бірқатар дәріхана мұндай қ­адамға бара бермейді, – деп қоса айтты Кеңес Мұқышев. Бүгінде дәрі-дәрмек мәселесіне қа­тыс­ты мониторинг күн сайын облыс, қала әкім­діктері және Тауарлар мен қызмет­тер­дің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тарапынан да жүргізіліп жатыр. dari  

Мадияр ТӨЛЕУ