Асылтұқымды мал өсірумен айналысуда
Асылтұқымды мал өсірумен айналысуда
286
оқылды
Шаруалар шетелдік «Герефорд», «Авердин-ангус» сынды етті ба­ғыттағы сиырлармен бірге, өзі­міздің «Әулиекөл», «Қазақтың ақ бас сиыры» сияқты зеңгі баба тұқымдарын өсіруде. Шаруа қо­жа­лықтары мал бордақылау алаң­дарын салуға кірісіп те кетіпті. Биылдың өзінде жыл соңына дейін 3 үлкен бордақылау алаңын ашу жоспарланған. Қазіргі кезде ауданда 2 194 шаруа қожалығы бар. Олардың қолындағы ірі қара саны 52 мың­ға жуықтаған және оның 5 мың басы асылтұқымды. Ша­руасы дөңгеленіп, ісі ілгері бас­қан қожалықтар бола­шақта ет, сүт өнімдерін шығара­тын кәсіп­орын­дарды ашуды ойластырып отыр.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы