Президент Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Президент Құрбан айт мерекесімен құттықтады
312
оқылды

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құнды­лығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мейрамның күллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше. Тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айт Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндей­ді. Имандылық пен парасаттылықты, жасам­паздық пен мейірімді дәріптеп, жақ­сылыққа жол ашады. Бүгінде жалпы адамзатқа ауыр салмақ салып отырған қауіпті індетті жеңіп шығу үшін бізге тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажет. Қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп, бары­мызд­­ы бөлісіп, жұрты­мыз­дың аман-саулығын ойлап, жауапкер­ші­лік таны­туымыз аса маңызды. Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсаты­мызға жетеміз. Бірлігімізді бекемдеп, ын­тымағымызды арттыратын бұл мерекенің мән-мағынасы да осында екенін баса айтқым келеді. «Сабыр – сәулетті байлық» дейді халқымыз. Рухы асқақ ел ретінде барлық сы­нақты еңсеретінімізге сенемін. Әр шаңыраққа құт-береке тілеймін! Халқымыздың амандығы үшін шалған құр­бандықтарыңыз қабыл болсын! Құрбан айт баршамызға жақ­сылық әкелсін!