Асқар Мамин Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Асқар Мамин Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Фото: primeminister.kz
125
оқылды
«Қазақстанның мұсылмандар қауымын күллі ислам әлеміндегі ең ұлық мереке, мейірімділік пен адамгершілік, өзара жанашырлық сияқты ізгі амалдарға үндейтін қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Мұндай құндылықтар исі мұсылман қауымына ғана емес, өзге де дін өкілдері, біртұтас халқымыз үшін ортақ. Әсіресе, қазіргідей күрделі кезеңде Алла Тағалаға сыйынып, мұқтаж жандарға қол ұшын созу Құрбан айттың қадір-қасиетін арттыра түседі. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, құт-береке және Жаратқанның разылығы үшін жасаған ізгі ниеттері мен қайырымды істері сауаптан болсын деп тілеймін!» делінген Үкімет басшысының құттықтауында.