Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Табиғаты таңғажайып Төлебиде тірлік бар

Түркістан облысының Төле­би ауданы саф ауасымен, тамаша табиғатымен ерек­шеленіп тұрады.Туризмге сұранып-ақ тұрған аймақ. Бүгінде таулы ауданға демалушылар жиі келетін болған. Сондықтан болса керек, тау етегін бойлай демалыс аймақтары көптеп орналасқан. Мұнда Түркістан облысы мен Шымкент қала­сынан бөлек, еліміздің түкпір-түкпірінен де демалушылар ке­ліп жатады.

«Айқын» ақпарат
Шілде 31, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Табиғаты таңғажайып Төлебиде тірлік бар
1.4k
қаралым

Алайда кезінде шахтерлар қала­сы болған аудан орталығы Ленгер қаласы көп жыл бойы елеусіз, ескерусіз қалып кеткен-ді. Бос тұрған көпқабатты үйлер, қараусыз қалған зауыттар көзге оғаш көрініп тұратын. Қаладағы мүлгіген тыныштықтың  өн бойына соңғы 4-5 жылда ғана қан жүгірді. Біртіндеп құрылыс жүре бастаған. Ал енді қазір ауданда, тіпті құрылыс қарқынды. Көпқабатты үйлер салынып, аллеялар мен демалыс аймақтарының саны да көбейді. Былтырдан бері қалаға балалар ойын алаңшаларының түр-түрі орнатылып жатыр.

Табиғаты таңғажайып Төлебиде тірлік бар

Елімізде болып жатқан пандемия жағдайына қарамастан, ауданда құрылыс бір күн де тоқтаған жоқ. Әсіресе, биыл Түркістан облысының біраз аймағы су тасқынынан зардап шеккенін білеміз. Оның ішінде Төлеби ауданы да бар. Алайда аудан басшылығының жедел іс-әрекеті аясында сол күні үйлерін су басып қалған адамдар тез арада қауіпсіз жерге көшірілді. Жалпы, 78 азамат эвакуацияланып, 40 шақты тұрғын ағайын-туыс­тарының үйіне жайғасқан бола­тын. «13 мамыр күні болған нөсер жаңбыр біздің ауданға да біраз шығын келтірді. Бірқатар көпірді су шайып, көптеген  үйді басып қалды. Ертесіне оқиға орнына облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының өзі келіп, тұрғындарға басу ай­тып, олар үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді. Арнайы құрылған комиссияның шешімі­мен 42 үй жарамсыз деп танылып, оларға жаңа үй салынып берілетін болды. Республикалық төтенше жағдай қорынан осынау үйлердің құрылысы үшін 488 млн теңге бөлінді. Олардың барлығы да 100-80-60-50 шаршы метр болатын 4 түрлі үлгімен сел болмастан бұрынғы үйлерінің көлеміне қарай салынып жатыр. Ал қауіпті аумақта орналасқан деп танылған 9 үйдің орнын ауыстырып са­лып беріп жатырмыз. Лен­гер қаласындағы жаңа ықшам­ауданнан әрқайсысына 10 сотық­тан жер бөліп, бүгінде бірдей үлгіде тұрғызылып жатқан үйлердің құры­лысы біткелі тұр», – дейді аудан әкімі Бауыржан Омарбеков.

Tolebi1

Жыл құстарын бақылайтын турист көп

Nur Otan: Төлеби ауданында 205 шақырым жол жөндеуден өтеді

Экологиялық кодекстің талабы қандай?

Бұдан бөлек, аулаларын су шай­ған, үйлеріне ағымдағы жөн­деу жұмыстары керек үйлер түгелдей дерлік сол кезде-ақ рет­теліп беріліпті. Оған облыстың 3 ауданы техника жіберді. Аудан кәсіпкерлері де үлес қосты.  Ал су шайып кеткен 4 көпір де қайта қалпына келтірілді. Сел салдарынан зардап шеккен Лен­гер қаласының орталығын кесіп өтетін Ленгерка өзенінің айналасы да абаттандырылып жатыр екен. Аудан басшысының айтуынша, өзен кеңейіп, тегістеліп жатыр. Мұнда жолаяқ, автотұрақ, орындықтар орналастырылып, өзен жиегі бекітілмек.

tabigat

Төлеби ауданында бүгінде 6 мектепте құрылыс жүріп жатыр. Оның 3-еуі жаңа құрылыс болса, 3-еуі қосымша болып саналады. Көксәйек елді мекенінде аудан бюджеті есебінен 100 балаға арнал­ған бастауыш мектеп бой көтеруде. Ал облыс бюджеті есебінен Қайнар және Ақбастау ауылындағы 200 орындық мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ Ленгер қаласындағы №2 Ш.Уәлиханов атындағы 1965 жылы салынған білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп, бүгінде пайда­лануға берілуде.

Tolebi3

Сондай-ақ ұлы кемеңгер Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Абай аллеясын салуды қолға алыпты. Құрылысшылардың жұмысы қарқынды. Мұнда ұлы тұлғаның ескерткіші де қойылмақ.

Шалғай ауылдарға аяқжолдар да салынып жатыр. Сонымен қатар, ауданның Біркөлік шат­қалы­на барар жолындағы биік қырға «Табиғатты тамашалу алаңшасын» орнатыпты. Мұн­да келушілердің естелікке сурет­ке­түсіп, бәр сәт демалуына жағдай жасалған.

Tolebi2

Биыл елді мекендерді сапа­лы электр қуатымен қамту жоба­сы аясында республикалық бюд­жеттен қаралған қаржыға  6 жоба іске асып жатыр. Жоба аясында 21 елді мекендегі 49 көшенің электр бағаналары, трансформаторлары жаңаланбақ. «Яғни 4 421бағана ауысып, 110 шақырым жаңа желі орнатылып, 48 трансформатор қойылатын болады. Осы атқарыл­ған жұмыстардың нәтижесінде аудан бойынша 1 500 шақырым электр желілері болады. Осы­лайша, ауданда әлі тозығы жеткен электр бағаналарын тұтынып отырғандардың  саны 9,7 пайызға дейін төмендейтін болады. Қалғаны кезең-кезеңмен 2022 жылға дейін барлық тұтынушы толық сапалы электр қуатымен қамтылмақ», – дейді аудан әкімі.

 

Tolebi4

Назгүл НАЗАРБЕК

 

 

 
Тегтер: табиғатТөлеби ауданытуризм
Алдыңғы жаңалық

Бауыржан Исламхан жаңа келісімшартқа қол қойды

Келесі жаңалық

«Фотомды ұстаған екі полицей келе жатыр екен, зәрем ұшып кетті» – Айдос Бектеміров

Ұқсас жаңалықтар

Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді
Жаңалықтар

Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді

Қаңтар 20, 2021
Маңғыстауда төртем дүниеге келді
Жаңалықтар

Маңғыстауда төртем дүниеге келді

Қаңтар 20, 2021
Біртанов: Коронавирус 2022 жылға дейін жалғасады
Жаңалықтар

Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды

Қаңтар 20, 2021
Президент Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Жаңалықтар

Президент Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Қаңтар 20, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді

Қаңтар 20, 17:54

Маңғыстауда төртем дүниеге келді

Қаңтар 20, 17:36

Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды

Қаңтар 20, 17:21

Президент Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Қаңтар 20, 16:43

Ғалым коронавирус қашан толық жойылатынын айтты

Қаңтар 20, 16:33

СҚО-да жалғыз үй тұратын ауылда патриоттық челлендж өткізілді

Қаңтар 20, 16:10

Тілін жұтып қойған әйелді ажалдан аман алып қалды

Қаңтар 20, 15:54
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді

Намазалы Омашевтың таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді

Қаңтар 20, 2021
Маңғыстауда төртем дүниеге келді

Маңғыстауда төртем дүниеге келді

Қаңтар 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»