Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

650 дәріхана дәріні қымбаттатып сатқан

Өткізілген рейдтің нәтижесінде 650 дәріхананың дәріні жоғары бағамен сату фактілері анықталды.

Рая Мінап
Шілде 31, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Дәрі-дәрмекті қымбатқа немесе заңсыз сататындарға айыппұл салынады

© сурет интернеттен алынды

13
қаралым

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары дәрілік заттардың заңсыз айналымы, оларды қолдан жасау, сондай-ақ оларды жоғары бағамен сату фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірде прокурорлардың басшылығымен экономикалық тергеу, полиция, мемлекеттік кірістер және тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау қызметінің қызметкерлерінен тұратын жұмыс топтары құрылды. Өткізілген рейдтің нәтижесінде 650 дәріхананың дәріні жоғары бағамен сату фактілері анықталды.

Алматы қаласында коронавирустық инфекциядан емдеуде қолданылатын 60 мың дана жасанды дәрі-дәрмек («Цефамед», «Цераксон», «Цефтазидин», «Физиотенс») дайындау цехы анықталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 222, 262 және 323-баптары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілер қамауға алынды. Дәрі-дәрмек тапшылығын жасанды түрде жасау арқылы (Цефтриаксон, Азитромицин, Парацетамол және т.б. бар бола тұра) елордалық дәріханалардың бірі оларды қосалқы үй-жайынан (сертификатсыз және фискалды чектерсіз) жоғары бағамен сату фактісі орын алған, – делінген хабарламада.
Аталған дәріханадан жалпы сомасы 1,7 млн теңгеге 2811 қаптамадағы дәрі-дәрмек алынды.

Прокуратура органдарына дауыс беруге қатысты арыз-шағым түскен жоқ – Бас прокуратура

Бүгінгі зейнетақы күнкөріске жете ме?

Nur Otan дәрі бағаларына үнемі мониторинг жасап отырады

Батыс Қазақстан облысында Ресей Федерациясымен шекарада тиісті құжаттарсыз 5342 қаптама мен 3160 ампуланы, сондай-ақ 10 млн теңгеден астам сомаға 2 мың медициналық бұйымды заңсыз әкелудің жолы кесілді.

Сот кінәлі тұлғаға 277 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, дәрі-дәрмек мемлекет пайдасына тәркіленді. Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар Денсаулық сақтау басқармасына берілді.

Жалпы тексеру шараларының қорытындысы бойынша 694 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, заңсыз айналымнан жалпы сомасы 770 млн теңгеге 400 мыңнан астам медициналық дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар алынды.

Ірі залал келтірілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Кінәлі тұлғаларды жазалаудың бұлтартпастығын қамтамасыз ету үшін қылмыстық істерді тергеу және әкімшілік материалдарды қарау барысы прокуратураның бақылауында.

Сонымен қатар, адал кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында прокуратура жанынан құрылған бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтардың жұмысы жандандырылды. Тексеру шаралары жалғасуда.

Сонымен қатар, прокуратура органдары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін шаралар қабылдау кезінде заңдылықты қамтамасыз етеді.
Белгіленген карантиндік шектеулерді, оның ішінде бетперде режимін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатын жауапкершілік көзделген.

«Осы бап бойынша 3467 адам жауапкершілікке тартылды. Мысалы, бетпердесіз сатып алушыларға қызмет көрсеткені үшін Алматы қаласындағы дәріханалардың біріндегі фармацевтке әкімшілік айыппұл салынды. Сол сияқты, қоғамдық көлікте бетпердесіз жүргені үшін азаматшаға айыппұл салынды. Кінәні мойындау кезінде заңнама кінәлі адамға 7 тәулік ішінде айыппұлдың жартысын төлеуге құқық беретініне назар аударамыз. Өзге жағдайда істің нақты мән-жайларына сүйене отырып, уәкілетті орган айыппұл мөлшерін 1/3 (30%) дербес қысқартуға құқылы», – делінген таратылған ақпаратта.

 
Тегтер: Бас прокуратурадәрідәріхана
Алдыңғы жаңалық

«Мөлдір» қоры мұқтаж жандарға көмектесті

Келесі жаңалық

Жолаушылар пойызының кестесіне өзгеріс енгізіледі

Ұқсас жаңалықтар

қар барысы, арыстан, туризм академиясы, Қайрат Зәкіриянов
Жаңалықтар

«Арыстанды Африкада өзім ауладым» – Академия президенті Зәкіриянов даулы фотоға қатысты пікір білдірді

Қаңтар 21, 2021
пневмония, ауру, науқас, адам өлімі
Жаңалықтар

Пневмониядан екі адам қайтыс болды

Қаңтар 21, 2021
Алматы облысы, облыстық сот, карантин
Жаңалықтар

Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Қаңтар 21, 2021
АҚШ, кедей, тамақ, бала, Қазақстан
Жаңалықтар

АҚШ-та 8 миллион адам тақыр кедей болды

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Арыстанды Африкада өзім ауладым» – Академия президенті Зәкіриянов даулы фотоға қатысты пікір білдірді

Қаңтар 21, 09:44

Пневмониядан екі адам қайтыс болды

Қаңтар 21, 09:18

Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Қаңтар 21, 08:43

АҚШ-та 8 миллион адам тақыр кедей болды

Қаңтар 21, 08:29

Коронавирусқа шалдыққандар саны тағы да көбейді

Қаңтар 21, 08:10

Полицей қағып кеткен әйел сол жерде қайтыс болды

Қаңтар 21, 07:29

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қаңтар 21, 07:06
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

қар барысы, арыстан, туризм академиясы, Қайрат Зәкіриянов

«Арыстанды Африкада өзім ауладым» – Академия президенті Зәкіриянов даулы фотоға қатысты пікір білдірді

Қаңтар 21, 2021
пневмония, ауру, науқас, адам өлімі

Пневмониядан екі адам қайтыс болды

Қаңтар 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»