Аулаларды дамыту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында
Биыл Қостанай қаласында 17 футбол алаңы, 45 балалар алаңы мен 9 манеж қолданысқа беріледі. Қала әкімдігінің ақпаратынша, ойын алаңдары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бой көтереді.
Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Наурызбай Мусиннің сөзінше, қазір жасанды төсеніші бар 12 футбол манежінің құрылысы басталып кеткен.
«Нысандар қараша айына дейін тапсырылады. Аулаларды абаттандыру бюджет есебінен жүргізілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалардың жалпы құны 440 млн теңгені құрады. Ойын алаңдары талапқа сай жасалады. Балалардың жарақат алуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шаралары ескерілген», - дейді Наурызбай Мусин.