Балалардың маска тақпай жүруіне рұқсат беру: Әлемдік тәжірибе қандай?
Балалардың маска тақпай жүруіне рұқсат беру: Әлемдік тәжірибе қандай?
фото: ашық дереккөз
339
оқылды
Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалардың маска тақпай жүруіне рұқсат берілді. Бұл шешім АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Франция, Польша, Германия, Испания және Сингапур сияқты елдердің тәжірибесіне сүйене отыр қабылданған, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. «Америка Құрама Штаттарында маска кимеуге рұқсат етілген жас әртүрлі болады. Мысалы, Массачусетс, Иллинойс, Вермонт, Род-Айленд, Пенсильвания, Колумбия округі, Нью-Йорк қаласында 2 жасқа дейінгі балаларға, ал Делавэрада 11 жасқа дейінгі балаларға маска кимеуге болады», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. Германияның көп аймағында 6 жасқа дейін, Саксония-Анхальтта 2 жасқа дейін маска тақпауға болса, басқа аймақтарында төменгі жас белгіленбеген. «Австралияда 12 жасқа дейін, Ұлыбританияда 3 жасқа дейін, Испанияда - 3-5 жас аралығында маска тақпауға болады. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі маскаларды міндетті түрде киюге қатысты қабылданған нормаларға өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады және 5 жастан асқан балалар маска кию керек деп шешті. Ережені әзірлеу кезінде ДДҰ ұсыныстары ескерілді», - делінген хабарламада. Еске сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл туралы елдің Бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған. Кейіннен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереже тек ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін түсіндірді.