Маска тағу режимі қалай бақыланады?
Маска тағу режимі қалай бақыланады?
фото: ашық дереккөз
288
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі маска тағу немесе тақпау режимін қалай бақыланатынын түсіндірді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайтының телеграм каналы. «Жеке тұлғаларға (азаматтарға) карантиндік шараларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы дәлелдемелер жинауды (әлеуметтік қашықтық, адамдар көп жиналатын жерлерде маскасыз жүру және т.б.) бақылау топтарының құрамында ішкі істер органдары және жергілікті полиция қызметі жүргізеді», - делінген хабарламада. Одан кейін ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғау үшін материалдарды Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне беріледі. «Прокуратура органдары мемлекеттік органдар мен ұйымдардың карантиндік шараларды орындау кезінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. 5 шілдеден бастап өз қызметін қайта бастаған меншіктің әртүрлі нысандарының қызметін, сондай-ақ жеке тұлғалардың карантин талаптарын сақтауын бақылау мақсатында өңірлерде полиция қызметтері, әкімдіктер, «Атамекен» ҰКП, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері, волонтерлер кіретін 779 мониторингтік топ құрылды», - делінген хабарламада. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен елімізде 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпай жүруге рұқсат берілді.