Әлемде 675 мың адам коронавирустан көз жұмды: ДДСҰ төтенше жағдайды 3 айға ұзартты
Әлемде 675 мың адам коронавирустан көз жұмды: ДДСҰ төтенше жағдайды 3 айға ұзартты
фото: ашық дереккөз
215
оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйым комитеті қазіргі жағдайдың қауіптілігін ескеріп төтенше жағдай режимын үш айға ұзартты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. ДДСҰ бас директоры Тедросу Аданому Гебрейесус қазіргі вирустың таралуы - бұл жүз жылда бір рет болатын, оның салдары алдағы ондаған жылдар бойы сезілетін дағдарыс екенін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта көп проблемалар шешілгенімен әлі де түйінді мәселелер жеткілікті. Денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты таратқан соңғы мәліметке қарағанда, коронавирусты әлемде 17 396 943 адам жұқтырып, одан 675 060 науқас көз жұмды.