Биткоин құны 2019 жылдың тамызынан бері алғаш рет 12 мың доллардан асты. Бұл деректі Coindesk электрон криптовалюта биржасы мен CoinMarketCap порталы жазды.
Биткоинның максимал құны 12 030 долларға жетті. Содан кейін 11 184 долларға дейін төмендеді де, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-ге қарай криптовалюта бағасы 11 273 долларды көрсетті.
Бір апта бұрын, биткоинның орташа айырбас бағамы 2 маусымнан кейін күрт көтеріліп, 10 000 доллардан асқаны хабарланған.