Айта кетсек, айттың бірінші күні (31.07.2020) ҚМДБ-ның аймақтағы өкілдіктері көмекке зәру 30 715 отбасыға құрбандық етін жеткізіп, мерекелік қуанышқа бөлеген болатын. Ал айттың екінші күнінде (01.08.2020) 27 741 отбасыға ет үлестірілді. Жалпы алғанда, яғни, барлық облысты қамтығанда Құрбан айттың екі күнінде 58 456 жанұяға ет жеткізілді.
Сонымен қатар, құрбандық еті қарттар, жетімдер, балалар үйлері мен ауруханаларға тегін таратылды.