Француз актері Абайдың өлеңін оқып берді
Француз актері Абайдың өлеңін оқып берді
375
оқылды

Танымал «Такси» фильмінің жұлдызы, Француз актері Сами Насери Абайдың «Сағаттың шықылдағы емес ермек» өлеңін оқып, атақты боксшы Геннадий Головкинге эстафетаны жолдады. Бұл жайында Ztb сайты хабарлайды.

59 жасар актер Сами Насери Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қолдап, өлеңін оқып, оның  видеосы әлеуметтік желіде жариялады.



Насеридің айтуынша, эстафетаны оған Қазақстанның Франциядағы елшілігінің кеңесшісі Мұрагер Сауранбаев жолдаған екен.

 «Сәлем, менің атым – Сами Насери. Мен француз актерімін. Досым Мұрагерден эстафетаны қабыл алдым. Оны әрі қарай атақты боксшы Геннадий Головкинге жолдаймын», – дейді ол.

Көпшілікке «Такси» фильмімен танымал болған актер Абай Құнанбаевтың «Сағаттың шықылдағы емес ермек» өлеңін өз тілінде оқыды.