Қазақстанда қарантин тағы екі аптаға ұзарды
Қазақстанда қарантин тағы екі аптаға ұзарды
Фото: Интернеттен алынды
159
оқылды
Аймақтардың бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша 3 тамыздан бастап елде шектеу шаралары енгізіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кеңес барысында карантинді тағы екі аптаға ұзартуды тапсырған еді. Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Прәлиева Нұр-Сұлтан қаласында қатаң шектеу шараларын 2020 жылдың 3 тамызынан бастап ұзарту туралы бұйрыққа қол қойды. Қаулыда жазылғандай, ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу, форум, конференция, семинар, жиналыс және басқа да жиындарды өткізуге тыйым салынады. Спортпен тек жеке және ашық ауада жаттығуға болады. Жеке, 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа табиғатқа экскурсия, корпоратив, топтық серуен ұйымдастыруға және рұқсат етілмеген жағажайларда шомылуға тыйым салынады. Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа да қоғамдық орындарда жүруіне шектеу қойылады. Тұрғылықты жерінен шыққан кезден бастап маска кию бойынша міндетті талаптарды сақтау, 3 адамға дейін бірге серуендеу кезінде адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Жұмысқа барып-қайтуға, аулаларда және саябақта, алаңда, скверлерге, жағалауға барып серуендеуге – жеке, ал бірге қыдырғанда 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етіледі. Қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көлікке және адам көп жиналатын объектілерге бару кезінде маска кию және антисептик пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау керек. Одан бөлек, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, ашық ауада жұмыс істейтін көтерме азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар сағат 13.00-ге дейін ашық тұрады. Санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, ашық ауадағы азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін істеуі керек. Елордада 3 тамыздан бастап қоғамдық көлік қайта жүреді. Автобустар сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Қоғамдық көлікге маскасыз кіруге тыйым салынады. Мұндай шектеулер мен талаптарды Алматы, Шымкент, Атырау, Қостанай және тағы басқа да өңірдің бас дәрігерлері қаулы шығарып, енгізіп отыр. Ескертуді елемегендерге айыппұл салынады.