Министрлік Есіл өзеніндегі судың жасыл болып кетуіне не себеп болғанын түсіндірді
Министрлік Есіл өзеніндегі судың жасыл болып кетуіне не себеп болғанын түсіндірді
258
оқылды
Экология министрлігі Есіл өзеніндегі судың жасыл болып кетуіне байланысты көпшілікті алаңдатқан мәселеге қатысты жауап берді. Айта кетейік, өзендегі судың жасыл түске боялған бөлігі әлеуметтік желіде жарияланған еді. Министрлік мәліметінше, әлеуметтік желідегі жарияланым негізінде елорда бойынша Экология департаментінің мамандары 31 шілде күні Есіл өзені бойын қарап шықты. Осы орайда өзен жағалауы зерттеліп, Есілдегі судың сынамасы алынды.
«Есіл өзені суының жасыл түске боялуына табиғи құбылыс себеп болуы мүмкін. Су түсінің өзгеруіне фитопланктонның көбеюі әсер етеді. Бұл тұрғыда су қоймасында балдырдың тез көбеюі ықпал етуі мүмкін», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар  су түсінің өзгеруіне макробалдырлар да әсер етуі ықтимал. Ведомство мәліметінше, аталған мәселені Экология департаменті ерекше бақылауға алды. Заңнамаға сәйкес, департамент Нұр-Сұлтан қаласы аумағында тұрақты мониторинг пен бақылау жүргізуде. Ал судан алынған сынаманың нәтижелері алдағы уақытта жарияланатын болады.