Терминал тонаушы топ ұсталды
Терминал тонаушы топ ұсталды
245
оқылды
«Қылмыскерлердің ізіне түсу үшін алдымен кешенді іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Күдіктілер – 31 жастағы Н. және 32 жастағы Ш. есімді азамат. Екеуі де бұрын мүліктік қылмысы үшін сотталған. Тергеу барысында олардың терминалдарды бұзу және сол жерден ақша ұрлаудың тоғыз эпизодына қатысы бары дәлелденді», – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Оның айтуынша, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған, қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер адамдар көп баратын дүкендер мен сауда үйлеріне орна­тылған терминалдарды то­наған. Сатушылар клиенттерге қызмет көрсетумен айналысып жатқанда, ұрылар бірнеше минут ішінде төлем терминалдарындағы ақшаны үптеп кете берген.  

Тұмар МЫРЗА