Қазақстанда жұмысшылар саны азаюда. Бұл туралы LS порталы хабарлады.
Статистика комитеті Қазақстандағы жалдамалы қызметкерлер саны туралы мәліметті жариялады. Ескере кететіні, бұл зерттеуде шағын кәсіпорындар ескерілмеген. Мәліметке сәйкес, осы жылдың II тоқсанында қызметкерлер саны 3,5 миллионнан астам адамды құрады, бұл I тоқсанға қарағанда 1,9%-ға аз.
«Егер біз жағдайды салалық тұрғыдан қарастыратын болсақ, онда өмір сүру және тамақтану қызметтерін ұсынатын, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудада, өнерде, ойын-сауықта және демалыста жұмыс істейтін компанияларда жұмысшылар саны азайды. Ал ауыл, балық және орман шаруашылықтарында, керісінше, 15% өсім байқалады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, 2020 жылдың І жартыжылдығында еліміздің 282 кәсіпорнында 3,6 мыңнан астам адам қысқартылды. Ал Статкомитеттің деректері бойынша I тоқсанда бұл көрсеткіш жалпы Қазақстан бойынша 4,9 мың адамды құрады.