Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандар саны 3863 адамға жетті. Тәуліктік өсім 1,3 пайыз, яғни күніне 47 жағдай тіркелуде. Одан бөлек, пневмониямен ауырғандардың саны артып, 12869 науқасқа көбейіп отыр.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 7 айында пневмониямен аурырғандар саны 12869 адамға жетіп, өсім 38,1 пайызды құраған. Ал бір ғана шілде айында 7887 жағдай тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда өсім 93,1 пайызды көрсеткен. Десе де, мамандар соңғы аптада, 28 шілде – 4 тамыз аралығында пневмониядан аурушаңдық 2,6 есеге төмендегендігін айтады.
Сондай-ақ инфекциялық стационардан 3004 азамат сауығып шыққан. Десе де, 12869 адам пневмониямен ауырып жатқаны көңіл көншітетін көрсеткіш емес.