Оралда 6 жасар қызды алып кетпек болған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 24-125-бабы 2-бөлігіне (адамды ұрлауға оқталу) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда 63 жастағы ер адамнан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның мас күйінде 6 жасар қызды алып кетпек болғанын жазған едік.