Бейруттағы жарылыс: Қазақстан консулы жарақат алды
Бейруттағы жарылыс: Қазақстан консулы жарақат алды
281
оқылды
Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша,  4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жарылыс салдарынан Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зақым келген. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ливандағы еліміздің дипломатиялық миссиясының консулы жеңіл жарақат алғанын хабарлады. «Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды», - делінген хабарламада.