Жаназа өткізгені үшін айыппұл салды
Жаназа өткізгені үшін айыппұл салды
766
оқылды
Облыстық полиция департ­а­мен­тінің басшысы Ж.Бақты­баевтың айтуынша, марқұмның туыстарына қатысты Әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Материал облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департа­ментіне жолданыпты. Ал қайтыс болған адамның туыстары жаназаға ағайындары мен жақын адамдары ғана жинал­ғанын айтады. Маңғыстау облысында 3 тамыздан бастап карантин талап­тары қайта күшейтілді. Жаңа қаулыға сәйкес, 3 тамыздан бас­тап облыста барлық ұйымда жи­налыстар, кеңестер, кон­ферен­ция­лар, форумдар, семи­нарлар, съездер, көрмелер, тренинг­тер, оқыту курстарын және адам­дар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтой­лар, еске алу рәсімдері т.б.), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, соның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салынды.  

Дайындаған Тұмар МЫРЗА