Қазақстандық жеті ғалым өздері әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
«Вакцина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген. 26 шілдеде Бас директор Күнсұлу Закарья бастаған бес ғалымға COVID-19-ға қарсы вакцина жасалды. Егілген қызметкерлерді бақылап, вакцинаның қауіпсіз екендігі туралы ақпарат алынғаннан кейін келесі күні тағы екі қызметкерге екпе егілген», - деп жазылған телеарна сайтында.
Бұл жоспарланған клиникалық зерттеулердің бірінші, екінші кезеңдерін толығымен іске асыруға мүмкіндік берді. Вакцина жасалған қызметкерлердің дені сау. Олар қазір клиникалық бақылауда.