Елімізде 27 597 адам коронавирустан емделіп жатыр – министрлік
Елімізде 27 597 адам коронавирустан емделіп жатыр – министрлік
© сурет интернеттен алынды
5,211
оқылды
Қазақстанда осы кезде коронавирустық инфекциядан 27 597 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 172 сәби бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram парақшасында хабарланды.  Министрліктің деректері бойынша, еліміздің стационарларында 6 351 науқас жатыр, 21 246 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 172 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 26 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.⠀
«Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады»,-делінген министрліктің хабарламасында.