Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов әйел адамды тұншығудан құтқарды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиға 3 тамызда болған. Марат Шоранов Денсаулық сақтау министрлігіне жұмысына келген. Осы сәтте 5 кіреберісте балпалдақпен 1969 жылғы әйел көтеріліп келе жатты. Бір кезде ол есінен танып, мәрмәр тасқа басымен құлап бара жатты.
"Шоранов әйел адамды ұстай алып, оның көгеріп, тұншығып бара жатқанын көрді. Медициналық тәжірибесі бар вице-министр оған сол жерде алғашқы көмек көрсетті. Жүргізушіге кеңірдегін тесетін жағдай болса, бұраушы алып келуді сұрады", - деп хабарлады министрліктен.
Көрсетілген көмектен соң әйел өздігінен тыныс ала бастады. Оған жедел жәрдем шақырылды және хирургия және проктология бөліміне "өткір жабыспалы ішектің тарылуы" диагнозымен жатқызылды.
"Жүргізілген емдеу шараларынан соң пациенттің жағдайы жақсарды. Алда ішкі органдарына жоспарлы компьютерлік томография жасалады", - деп хабарлады министрліктен.
Еске сала кетейік, Марат Шоранов 26 маусымда Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалған болатын.