Жастар партияға жігер береді
Жастар партияға жігер береді
260
оқылды

Елбасы Саяси кеңесте «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Nur Otan trends пікірталас алаңында сарапшылар Елбасы ұсынған 7 серпін жөнінде ой қозғап, жаңғырту жұмыстары жайын талқылады.

Елбасы бағдарламада партия пробле­ма­ларын шешу жолын ұсынды. Нақты жұ­­мыс істесе, халық сеніміне ие болаты­нын айтты. Партия жұмысын жаңғыр­ту­дағы 7 серпінді Nur Otan trends сарапшы­лары жан-жақты талқылады.

Модератор Рақым Ошақбаев Саяси кеңес­те қозғалған бірқатар мәселені алға тарт­ты. Nur Otan партиясы болашаққа нық қадам басатын 7 серпінді атап өтті. Әр сарапшыға жеке-жеке сұрақ қойып, то­лыққанды жауап алды.

Ел жағдайын, партия тынысын ба­қы­лауда ұстап отырған депутаттар мен сая­сат­танушылар сұраққа тәптіштеп жауап бер­ді. Сондай-ақ өзара пікірталас жүргі­зіп, партия болашағы үшін не істеу қаже­тін талқылады.

Модератор депутаттарға «жаңғырту ке­зінде сіздерде қандай өзгеріс болады?» деп сұрақ қойды. Мәжіліс депутаты Па­вел Казанцев Қоғамдық қабылдауды кеңей­тетінін айтты. Бұл партия жұмы­сы­на көмектесетінін нықтады. «240 ко­мис­сия мүшесі Қазақстан бойынша партия жұ­мысына бақылау жүргізеді. Оның ішін­де 17 өңірлік бөлімшеге 7-10 адамнан тұра­тын комиссия құрамы бөлінген. Атал­ғандар нақты жұмыс жүргізсе, пар­тия жұмысы жанданады» деді Павел Ка­занцев. Нұржан Әлтаев болса, орын­дал­маған меже үшін жауаптылар жаза­лануы керек дейді. Мәжіліс депутатының айтуынша, қатаң бақылау болған жерде жұмыс нәтиже береді.

Nur Otan trends пікірталас алаңы оты­рысына Мәжіліс депутаттары Павел Ка­занцев пен Нұржан Әлтаев байыпты ой айтты. Мә­жіліс депутаты Павел Казанцев: «Партияны жаңғыртуға келсек, 3 не­гізгі құрылымды атам өткім келеді. Бірін­шіден, партиялық бақылауды күшейту керек. Барлық сала бойынша бақылауды кү­шейтсек, партия дами түседі. Екін­ші­ден, партия этикасы сақталуын қадағалау. Партияластар бір-бірімен, халықпен мә­дениетті түрде қарым-қатынас жасауы тиіс. Бастысы, партияның сайлауалды тұ­ғырнамаларын сәтті іске асырамыз. Сон­да жұмыс жүйелі жүреді. Қағазда жа­зылғанның жүзеге асқанын көргенде ха­лық сенімі қалып­тасады», – деген пі­кірді алға тартты.

Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев болса, «Елбасы айтқандай, жаңғыру болу ке­рек. Өйткені заман өзгерген сайын, адам­ның көңіл күйі, өмір сүру қалыбы өз­гереді. Өзгерістер орын алғанда, елі­міз­дегі ең ірі партия да шет қалмауы ке­рек. Партия жұмысы заман талабына сәй­кес келсе, құба-құп. Жұмысты жаң­ғыр­ту үшін мына аспектілерге назар ау­дарған жөн. Кері байланысты күшейтсек оң болар еді. Интернетте, әлеуметтік же­ліде тұрақты байланыс орнату керек. Мысалы, Facebook-тің тікелей эфирінде қоғамдық қабылдау жүргізген алғашқы депутаттардың бірімін. Басында толассыз сұраққа қалай жауап беремін деген қор­қыныш болды. Жарты жыл өткен соң нә­­­тижесін көріп отырмын. Facebook, Instagram-да халық пікірін тыңдап, сұра­ғына жауап берген ыңғайлы. Шалғай ауыл­дан ат арылтып келмей, үйінде оты­рып сауал жолдай алады. Әрі менің де жұмысыма септігі тиеді» деген ой қорытты.   

Сондай-ақ Nur Otan trends пікірталас алаңы оты­рысына сая­сат­танушылар Айдос Сарым мен Оразғали Селтеев қатысты. Сондай-ақ саяси шолу­шы Ғазиз Әбішов пен «Шаталов» telegram-каналының авторы, журналист Никита Шаталов өз пікірін ортаға салды.



Айдос.JPG

Айдос САРЫМ, 
саясаттанушы:

– Облыс, ауыл тұрғын­дары қалалық, ау­­дандық мәс­лихатқа жүгіне­ді. Мега­по­лис­те тұратындарға қалалық мәслихат жәр­дем береді. Ұсынысым, ірі қалаларда неге аудандық жүйе ен­гізбеске. Әр ау­дан­ның өз бюд­жеті болсын, аудандық мәс­лихат жұмыс жүргізсін. Нәтижесінде, қа­­лалық мәслихаттың жұмысы жеңілдей­ді әрі реттеледі.

Партияға деген халық сенімі мұ­қал­ған. Қалпына келтіру керек. Мысалы, бір министр келіп жаңа мемлекеттік бағ­дар­лама құрады. Екіншісі үш бағдарлама ұсы­нады. Жүзеге аспағаннан кейін халық се­німі жоғалады. Сенімге ие болу қиын, шы­ғып кету оп-оңай. Бәрі партия жігері­не байланысты. Егер нақты қадам жасай білсе, нәтиже шығаруға болады. Бай­қа­сақ, Nur Otan партиясы бірнеше рет жаң­ғырту жұмысын жүргізді. Өзгеріс бай­қалған жоқ. Осы жолы оң өзгеріс орын алатын болар. Ал­дымен, жаңа­шыл­дыққа партия дайын болуы керек. Nur Otan жаң­ғыруға дайын болса, халық көш­­ке ілеседі.

 

оразгали.JPG

Оразғали СЕЛТЕЕВ, 
саясаттанушы:

– Про­пор­ционал­­ды сай­лау жүйесі пар­тия­ны жаң­ғыр­туға сеп болады. Пар­­тия қоғам­ның қызығушы­лы­ғын оятуы тиіс. Қоғам­дағы әлеу­мет­тік топ партия ықпалын се­зін­гені жөн. Мысалы, Қостанай об­лы­сын­дағы 30 шаруа қожа­лы­ғының иесі келіп, мәселенің түйі­нін тарқату үшін пар­тияға жүгінуі ке­рек. Партия аппараты ма, фрак­циясы ма тығырықтан шығу жо­­лын ұсынса, жұртта иек арту, се­нім пай­да болады. Партия ше­шім тауып, ба­ғыт береді. Кез кел­геннің жобасы жерде қал­май­тынын, мәселе шешілетінін дә­лел­­деу қажет. Депутаттар нақты қо­ғам үшін, партия игілігі үшін жұ­мыс істей­тін­дерден құралса, іс өр­ге басады.

 

газиз.JPG

Ғазиз ӘБІШОВ,
саяси шолушы:

– Жаң­ғы­ру­ға келсек, «ба­қы­­лауды кү­шей­ту», «әлеу­мет­тік желідегі бел­сенділік» аз­дық етеді. Мем­лекетті кемеге теңесек, пар­тия –капитан. Капитан бас­қаруға, жол нұсқауға міндетті. Сол сияқты пар­тия стратегиялық даму ба­ғытын ұсынып, жаңа мүмкін­діктерге жол бастауы керек. Мақсаты мен құрылымы мықты партия халық сеніміне ие болады. Әрине, жұмыс нәтижесі де маңызды. Мұны түйсінген ха­лық стратегия бойынша әрекет етіп, пар­тия бастамаларына қо­сы­лады. Егер билік Nur Otan-ды шеттету туралы ше­шім шы­ғарса, мил­лиондаған халық қай­таруын талап ететіндей күш керек. Сон­дықтан жаңғырту жұмыстарына мұқият мән берген жөн.


Никита.JPG

Никита ШАТАЛОВ,
«Шаталов» telegram-каналының авторы, журналист:

– Партия мү­шесі өте көп. Шыны­мен де, іштей сүзгі жүргізген жөн. Кім нақты партия жұмысын жандан­дырғысы келеді, сол партия мүшелігінде қалсын. Транс­фор­мация ішкі жұмысты реттегенде ғана жүзеге асады.

Жастар партияға жігер береді. Жас­тар­дың көп болғаны партия ертеңі үшін керек. Дарынды, талапты жастар перс­пек­тивасы қажет-ақ. Елбасы жаңғырту­дың
7 серпініне жастарды негіз етті. Nur Otan-ның серпілісіне жастар дем береді.

Партияны жаңғырту жұмысы біртіндеп іске асады. Біздің қол­дан келетіні партия үшін аянбай еңбек ету. Партия ел мүддесі үшін жұмыс істейтін қозғаушы күш. Сондықтан партияның жаңғыруы бәріміз үшін маңызды.


Айзат АЙДАРҚЫЗЫ