Хабарландыру
Хабарландыру
135
оқылды
Сатып алуды ұйымдастырушы: Түр­кістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайында орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефондары: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62. Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» регламентінің 23-бабының F тармағы  негізінде университеттің  ғимараттарын жөндеуге қажетті тауарларды сатып алу. Сатып алудың нысаны болып табы­латын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісімшартқа қол қойған күннен бастап әлеуетті өнім беруші тауарларды 15 күнтізбелік күн ішінде жеткізуге тиісті. Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» регламентінің 10-бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұраймыз: 1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анық­тамасы; 2. Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары; 3. Әлеуетті өнім берушінің заң талап­тарына сәйкес тиісті құзыретті органдарға тіркелуі туралы анықтама; 4. Әлеуетті өнім беруші тауардың сапа сәйкестігін тексеру мақсатында олардың үлгілерін, каталогтарын немесе суреттерін өткізуге тиіс. 5. Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса, сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек. 6. Конкурсқа қатысуға және шарт­­тық кепілдік ретінде конкурсқа жа­рияланған жалпы сомасының кем дегенде 5 пайызы (%) мөлшерінде мына есепшотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мекемесі, БСН-990440008043, БСК-HSBKKZKX, ЖСК-KZ436010291000010707, Кбе-16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат. 7. Сатып алынатын тауарға берілетін кепілдік мерзімі 12 ай болуы тиіс. Сатып алынатын университеттің  ғимараттарын жөндеуге қажетті тауар­лардың тізімі мен келісімшарт үлгісін http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29В м­екенжайында орналасқан Қ.А.Ясауи атын­дағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ректорат ғимараты, №203 кабинеттен алуға болады. Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 13.08.2020ж. (15:00) Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты: Сатып алуға қатысуға баға ұсы­ныстары арнайы конвертке салынып, мөр ба­сылып, хабарландыру жа­рияланған уақыттан бастап 7 күн­тізбелік күн ішінде (5.08.2020 – 12.08.2020 аралығында), Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекенжайында орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ректорат ғимараты, №203 кабинетте қабылданады.  

------------------------------------------------

  Сатуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайында орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефондары: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62. Жылжымайтын мүліктің мекенжайы: Шымкент қаласы Желтоқсан көшесі №128 мекенжайында орналасқан үй. Сатудың әдісі: Жылжымайтын мүлік аукцион тәсілімен көтермелеу негізінде сатылады. Аукционға өтінім берген қаты­сушылар белгіленген уақытта комиссия отырысына қатысып, өтінімде көрсетілген бағадан жоғары баға ұсынып, жеңімпаз атана алады. Сатып алуға қатысу шарттары: Аук­ционға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұраймыз: 1. Конкурсқа қатысуға және шарт­­тық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы сомасының кем дегенде 3 пайызы (%) мөлшерінде мына есепшотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мекемесі, БСН-990440008043, БСК-HSBKKZKX, ЖСК-KZ436010291000010707, Кбе-16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе банктік кепілдік беруге міндетті. Жоғарыда көрсетілген жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29В мекенжайында орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ректорат ғимараты, №203 кабинеттен алуға болады. Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 13.08.2020ж. (15:00) Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты: Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып немеесе қол қойылып хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде (5.08.2020 – 12.08.2020) жұмыс уақытында  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ректорат ғимараты, №203 кабинетте қабылданады.