"Қазгидромет" РМК 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Барлық дерлік жерде найзағаймен жаңбыр жауады, батыста және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал Қазақстанның солтүстігі мен орталығында алдағы тәулікте ғана жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады.