«Nur Otan» Мақтааралда жаңадан салынған үйлердің сапасын қадағалады
«Nur Otan» Мақтааралда жаңадан салынған үйлердің сапасын қадағалады
290
оқылды
Жоспарға сәйкес, партияның Түркістан облыстық және Мақтаарал аудандық филиалдарының өкілдері және Партиялық бақылау комиссиясы,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері Мақтаарал ауданында болып, құрылыс барысына қадағалау жүргізді.  width=  width= Мамыр айында апат орнына «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы келіп, елмен жүздескен болатын. Осы іссапардағы тапсырмаға сәйкес, партиялық бақылау жүргізген «нұротандықтар» мақтааралдық тұрғындармен және құрылысшылармен кездесті.  width= Бүгінде Мырзакентте іргетасы қаланған жаңа шағынауданда 386 үй мен бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы жүріп жатыр.  Бұл баспаналар  су шайған Жеңіс, Достық, Жаңатұрмыс елді мекендерінің тұрғындарына беріледі. Жаңа шағынауданда 1200 орындық мектеп, 280 орындық балабақша және дәрігерлік амбулатория мен полиция бекеті, желілік саябақ пен гүлзарлар, воложолдар салынуда.  width= Жоғарыда аталған 386 үйдің 20-сын салуды «Nur Otan» партиясы өз мойнына алған. Оған «Birgemiz» қорынан қаражат бөлінген. Бүгінде 115 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып үлгерді. Қалған баспаналар да таяу күндері дайын болады. Ал Өргебас ауылындағы барлық 194 үй бұзылып, жаңадан салынып жатыр. Бүгінде 116 үйдің қабырғалары қаланған. 49 үйдің шатыры жабылуда.  Фирдоуси елді мекенінде жалпы 303 үйдің басым бөлігінің қабырғасы қаланған. Шатырлары да жабылып жатыр.  width= «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Уалихан Рахиевтің айтуынша, құрылыс жоспарға сай жүргізіліп жатыр. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев партиялық қадағалау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.