Коронавирус: Қазақстанда 244 еріктіге вакцина салынады
Коронавирус: Қазақстанда 244 еріктіге вакцина салынады
© сурет интернеттен алынды
256
оқылды
Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институтында дайындалған COVID-19-ға қарсы вакцина 244 еріктіге салынатынын хабарлады.  Комиссия мәліметінше, коронавирус жұқтырғандардан паталогиялық материал алғаш рет 23 наурызда алынған. Ал 9 мамырда атқарылған жұмыс туралы хаттама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жіберілген. Сода кейін қазақстандық вакцина тексерістен өтіп, кандидат вакциналар тізіміне енді
«Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берсе, қыркүйектен бастап Алматыда 44 еріктіге вакцина салынады. Бұл зерттеудің бірінші кезеңі болады. Ал қазан айында екінші кезеңде ДДСҰ талаптарына жауап беретін 200 еріктіге коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салынады. Бұл екі сатылық тәжірибе желтоқсан айында аяқталады», - делінген хабарламада.
Егер ДДСҰ клиникаға дейінгі зерттеу нәтижелерін мақұлдаса, Қазақстан салынып жатқан зауыт негізінде вакцина шығарады. Желтоқсан айында құрылысы аяқталатын жаңа зауыт жылына 60 млн доза вакцина шығаруға мүмкіндік бермек.