«Бизнестің жол картасы - 2025» жаңа бағдарламасы несімен тартымды?
«Бизнестің жол картасы - 2025» жаңа бағдарламасы несімен тартымды?
451
оқылды

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәресіне таяп келеді. Қандай нәтижеге қол жеткізілді және 2025 жылға дейінгі бағдарлама аясында бизнеске берілер жаңа мүмкіндіктер туралы «Қазақпарат» тілшісіне берген сұхбаты барысында «Бәйтерек» Ұлттық басқарма холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Рустам Қарағойшин айтып берді.

– Рустам Тимурұлы, БЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыруда қандай нәтижелерге қол жеткізілді?

– Меніңше, бағдарлама өз мүмкіндігін толығымен дәлелдей алды. Мемлекет соңғы уақытта көптеген бағдарламалар ұсынған еді, соның ішінде БЖК-2020 «Бәйтерек» холдингі және оның еншіліс ұйымы «Даму» қоры арқылы бизнеске айтарлықтай қолдау көрсетті.

БЖК-2020 аясында 14,5 мың түрлі жобалар субсидияланды, жалпы есепте 2,5 трлн теңгеге 13,9 мың жоба келісілген. Субсидия арқылы аталған жобаларды жүзеге асыруға біз айтарлықтай қаражат бөлдік. Егер субсидиялау арқылы емес, тікелей инвестиция арқылы қолдау көрсетілгенде аталған 2,5 трлн сома қаражатты бөлуге тура келер еді. Бұдан өзге 216 млрд теңге несиеге байланысты 5,6 мың кепілдеме келісімшарттарға қол жеткізілді, бұлар жалпы көлемі 88 млрд теңгені құраған бағдарлама аясында тартылған кепілдемелер.  

Бағдарламаның тиімді тұстарын танытатын өзге де сандық есептерді атап өтсем деп едім. Бағдарламаның кәсіпкер-қатысушылары 2010-2018 жылдары 19 трлн теңгеге өнім өндірді, жалпы есепте 1,2 трлн теңге салық төледі. БЖК-2020 бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің арқасында 95 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Бағдарламаның мультипликтативті тиімділігі туралы айтар болсам, субсидияның 1 теңгесі үшін 10 теңге несие тартылды. Қаржылық институттардың көзқарасы тұрғысынан бірге он – бұл өте жақсы көрсеткіш. Кепілдеменің 1 теңгесіне шамамен 2,5 несиелік қаражат тартылды. Бұдан өзге нәтижелер көрсеткендей, субсидия үшін 1 теңге бюджетке 100 теңге кіріс пен 6 теңге салық түсімдерін әкеледі.

Бағдарлама, бірінші кезекте, орта және шағын кәсіпкерліктегі субъектілер санының көбеюіне бағытталған, оның басты тартымдылығы да осы – кәсіпкерлерге дамуға мүмкіндік беру. Біз осы бағытта жұмыс істеп, дамуды жалғастырып жатырмыз.

 

- Кәсіпкерлер арасында қолдау құралының қай түрі әлдеқайда кең таралды?

- Бұл - пайыздық мөлшерлеміне субсидиялау. Осы құралдың аясында көптеген жобаларға қолдау көрсетілді. Бұған дейін атап өткенімдей, 2019 жылдың 1 тамызында 13,9 мың субсидия беру туралы келісімге қол жеткізілді, сонда несиеге кепілдеме құралы ретінде 5,6 мың келісімшарт бекітілді.  Несиелер ауқымы әрі жобалар саны бойынша да әлдеқайда танымал салалар - өңдеу өнеркәсібі, транспорт және сақтау.

Субсидияның арқасында кәсіпкерлер төмен мөлшерлемемен несие ала алады. Бүгінде ел нарығында біздің қазақстандық кәсіпкерлер өндіретін сапалы, пайдалы тауарлардың көлемі артып келеді. 

Мысалы, «Даму» қоры қолдау танытып,  «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау және кепілдік беру құралдарын пайдалану арқылы елордада құрылысы жүрген KazTexExpo автоматты өндірістік кешені  – кең ассортиментте 500-ден астам киім шығарады және Қазақстан нарығын тоқыма және трикотаж өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз етуге жеткілікті қуаттылыққа ие. Тігін өнімдерін, кешенді мамандандырылған киім-кешекті, жекелеген қорғаныш заттарын тұтынатындардың негізгі қатарында «Қазақмыс», Қорғаныс министрлігі, ІІМ, «Қазақалтын» ТКК» АҚ, «Қамқор-Менеджмент» ЖШС, «Локомотив» АҚ т.б бар. Бүгінгі күні компанияда 920-ға жуық қызметкер еңбек етуде, фабриканың өндіріс аумағы 10 мың шаршы метрді құрайды, ал қуаттылығы – жылына шамамен 2 млн өнім шығаруға қауқарлы.

Атап өткім келетіні, субсидиялау құралы үшін белгілі бір шек бар яғни - 2,5 млрд теңге. Осылайша, орта және ірі бизнестің шекарасы айқындалады. Өзіңіз түсініп отырғандай, бағдарлама аясындағы біздің аудитория – бұл орта және шағын кәсіпкерлік өкілдері. Бұдан өзге, құралдар арасында кепілдеме өнімі де бар, бұл көбіне енді бастауын алып жатқан бизнестерге байланысты. Егер кәсіпкерлер өз істерін бастағылары келсе, 20 млн теңге қарыз және 85 % кепілдеме ала алады. Меніңше, бұл бизнес бастауға тиімді шарттар деп саналады. Бизнес дамыған сайын кәсіпкерлер субсидияланған мөлшерлемер алуға мүмкіндік беретін айналым өнімдері сынды өзге де құралдарға мән бере бастайды.


Инфографика Байтерек 2 каз_1.jpg
БЖК - 2025

- Холдингтің тікелей өз құралдары арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қалай қолдау көрсететіні туралы толығырақ айтып өтсеңіз. Олар қандай құралдар және ерекшеліктері неде?

- Біздің Холдингтің қолдау көрсетуге қатысты құралдары баршылық, оларды БЖК-2020-дан тыс та ұсынамыз.

Мәселен, Маңғыстау облысынан мысал келтірсем. Маңғыстау облысы әкімдігі әріптестігінен, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Даму» қоры мен кешенді бизнестен аталған аймақтың кәсіпкерлері өз жобаларын жүзеге асыру үшін несие ала алды.  Жергілікті әкімдіктен аймақтық субсидиялау бағдарламасы бойынша субсидиялардың арқасында жылдық 1% несие бойынша жеңілдетілген мөлшерлемеге қол жеткізу мүмкін болды. Аталған жобаның өзіндік ерекшелігі баршылық әрі шағын және орта кәсіпкерлікті тиімді шарттармен қамтамасыз ете алды. 818,87 млн  теңге несие сомасына жалпы есепте 42 жоба мақұлданды. Мақұлданған жобалар бойынша 410 жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде.

2018 жылы «Даму» қоры халықаралық қаржы ұйымдарынан жеңілдетілген қаражат тартуды жалғастыра берді. 2018 жылдың ішінде  67,1 млрд тартылған. Біздің бұрыннан келе жатқан екі серіктесіміз – Азиялық даму банкі мен  Еуропалық қайта құру және даму банкі 2018 жылы әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсету, Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 34,1 млрд теңге бөлді.

Бұдан өзге «Даму» Қоры исламдық қаржыландыру тетіктерін енгізу бойынша жаңа қызмет бағытын бастады. Жекелеген секторларды дамыту бойынша (ICD)  Ислам корпорациясымен 40 млн АҚШ долларына дейін (теңгеге тең) қаржы тарту шарттары жасақталуда. Аталған қаражатты ислам қаржыландыру құралдары арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бағыттау көзделуде. Жобаны жүзеге асыру шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерді несиелеу ауқымын кеңейтуге, салық кірістерінің бюджетке түсуіне, жаңа жұмыс орындарын құруға, орта және шағын кәсіпкерліктегі субъектілердің негізгі қорларын жаңғыртуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

2019 жылы Қор дамудың бірнеше стратегиялық бағыттарын айқындады. Микроқаржы ұйымдарын тікелей қаржыландыру аясында микро кәсіпкерлікті қолдау үшін Қордың ұйымдық құрылымы қайта қаралып, Апекс департаменті құрылды. Аталған департаменттің негізгі міндеті - микроқаржы ұйымдары арқылы қаражатты микро және шағын бизнеске тиімді аудару және микроқаржы ұйымдарын қаржыландыру құралдарын кеңейту.

Бұдан өзге 2016-2018 жылдары «Даму» қоры арқылы микоқаржылық ұйымдарды қаржыландыруға қатысты жұмыстар жүргізіліп, жалпы сомасы 7,7 млрд теңгені құраған алты шағын қаржылық ұйымға қаражат құю мүмкін болды.

– БЖК-2020 өз жалғасын тапқаны белгілі. Ендігі кезекте кәсіпкерлерді қандай мүмкіндіктер күтуде?

- Қазіргі уақытта бұл бағыт бойынша жұмыстар шамамен түйінделді. Атап айтқанда, Холдинг және «Даму» қорының қатысуы және Ұлттық экономика министрлігімен бизнесті қолдау және дамыту үшін «Бизнестің жол картасы - 2025» жаңа Мемлекеттік бағдарламасының жобасы жасақталды. Өзіне тән кепілдеме беру, субсидиялау, гранттар ұсыну т.б қағидалары бар.

Жаңа бағдарлама аясында кеңейтілген құралдарды пайдалану көзделуде: кепілдеме беру бойынша – бизнесті енді бастаған жас кәсіпкерлер үшін несие мөлшері 20 млн теңгеден 60 млн теңгеге дейін өседі. Ал кепілдеме сол қалпында яғни 85 % болып қала береді. Бағдарламаның айналым бөлімі де кеңейіп келеді: айналым қаржысын толтыру үшін несие мөлшері (субсидиялау және кепілдеме беру) 60 млн теңгеден 360 млн теңгеге дейін өседі (бірінші бағыт бойынша 60 млн теңгеден 180 млн теңгеге дейін, екінші бағыт бойынша – 60 млн теңгеден 360 млн теңгеге дейін).

Кепілдеме беру аясында жаңа бағдарламаға біз қосқымыз келетін тағы бір құрал – қайта қаржыландыруды қосу арқылы несиенің мақсатын кеңейту болып отыр.

Бұдан өзге «БЖК -2025» аясында көрініс табатын қосымша тұсы франшиза үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Осында франшиза ашуға ниетті адамдар бизнес жүргізу үшін аталған құралдардың бәрін қолдана алады. Біздіңше, бұл екінші деңгейлі банктен несие алу арқылы әрі қазақстандық немесе шетелдік франчайзингті қолданып,  жаңа бастау алған бизнесті немесе қазіргі бизнесін дамытқылары келетін кәсіпкерлер үшін көмек бере алады. Мысал ретінде, «Кренделия», «Coffee Boom» кофейня-кондитерлік кешендері, «Red Dragon» стрит-фуды, «Жас Кемеңгер», «Исма» білім беру академиялары, «Сұңқар» медициналық компаниясы,  Mimioriki балалар киімдері бренді – бұлардың бәрі сіздерге жақсы таныс. Шетелдік франчайзерлер қатарында   - Tutti Frutti, Yves Rocher, McDonalds, Starbucks т.б бар.

- Франшиза ашу арқылы отандық нарыққа шығатын жаңа ойыншыларды атап бере аласыз ба?

- Қазір мұны анықтау қиын болады, бренд тартумен біз айналыспаймыз, қанша дегенмен бұл кәсіпкерлердің мүмкіндігін кеңейтуге қолбайлау болады. Біз кәсіпкерлерге осындай мүмкіндіктер береміз, сонда олардың бизнес-қызметін дамытуға жол ашылады. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік болғандықтан, тапсырыс саны өте көп.

- Бағдарлама аясында венчурлік қаржыландыруға басым назар аудару көзделген бе, айталық, ІТ саласындағы белгілі бір стартаптар үшін?

- Өзіңіз білетіндей, бізде сондай жобаларды қаржыландырып, коммерциялық нарықпен бизнес-инкубаторлар құратын «QazTechVentures» компаниясы бар. Ол белгілі бір шығындардың орнын толтырып, ІТ бағыттағы алғашқы қадамдар үшін бастапқы инвестиция салумен айналысады. Дегенмен, мұның барлығы «БЖК-2025» бақылауы арқылы жүзеге асырылады, бәріне өзіміз қолдау көрсетеміз. Аталған нарықты белсенді ету үшін QazTechVentures арқылы біз ІТ-стартаптарға қолдау танытатын боламыз.

Венчурлық қаржыландыру кез-келген жағдайда тиімді болатын жаңа өнімді жасауға арналған. Алайда, қаржыландырылған кез келген жобаның 100% пайда әкеледі деп түсінбеу қажет. Тәуекел ауқымы мұнда орасан зор, себебі бұлар қадамын бизнеске енді басып жатқан компаниялар. Алайда «қағып түсірер» жобалар венчурлік қаржыландырудың шығындарын толығымен жауып отыруы керек.  

Біз үш ірі бизнес-инкубаторын таңдап алдық: «BeInTech» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.),    «SmArt. Point Almaty» ЖШС (Алматы қ.),  Бизнес-инкубатор «MOST» ЖШС (Алматы қ). Аталған компанияларға үш жыл қатарынан операциялық шығындардың бір бөлігі іспетті қосымша қаржыландыру түрінде қолдау көрсетіледі, сондай-ақ ірі акселератор «Акселетатор ФРИИ» ЖШҚ (Ресей) тарту арқылы методологиялық қолдау жасалды.  

Сонымен қатар QazTech Ventures индустриялық секторға жобаларды және технологияларды енгізуді қолдана отырып, кешенді тәсіл мен синергияны қамтамасыз ету үшін технологиялық сараптама қызметтерін ұсынады.

Қазіргі уақытта басқару технологиялары мен шешімдерін енгізуді ілгерілету, технологиялық жетілуді бағалау, кәсіпорынның процестерін оңтайландыру және технологияларды енгізу, технологиялық витринаны дамыту және басқа да қызметтерді сараптамалық және технологиялық қолдау аясында өнім желісін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Өнімнің жоспарланған түрін іске асыру мақсатында нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

- Жаңа бағдарлама аясында қанша кәсіпкерді тарту жоспарлануда?

- Алдымызда кәсіпкерлер санын арттыру деген міндет тұр, бірақ қазір нақты санын айтуға болмайды – бұл жобалар мен субсидиялаудың сомасына байланысты. Мәселен, шағын және орта кәсіпкерліктің елдегі ІІЖ-дегі үлесі 28% құрайды, ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш  35% дейін өсуі керек. Біз бес жыл ішінде осындай теңдесіз өсім күтудеміз.

- Сұхбатыңызға рахмет!