Ғалымдар коронавирусқа қарсы спрей түрінде вакцина шығарды
Ғалымдар коронавирусқа қарсы спрей түрінде вакцина шығарды
© сурет интернеттен алынды
5,161
оқылды
Оңтүстік Кореяда биологтар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты. Ол – инъекция арқылы емес, мұрынға себу арқылы қабылдауға арналған спрей. Препарат тышқандарға салынып, сынақтан өткен, деп жазды korrespondent.net.
«Бір дозамен вакцинацияланған тышқандар инфекциядан толығымен қорғалды, салмақ жоғалту, өлім болған жоқ және мұрынға, ми, өкпеге және бүйрекке вирус түскен жоқ», - деді ғалымдар.
Препарат 19 тышқанға салынып сынақтан өтті, клиникалық зерттеулер әлі жасалған жоқ.